Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Өзекті 1298 0 пікір 10 Сәуір, 2025 сағат 14:03

Бас прокурор мектепке жаңа пән енгізуді ұсынды

Сурет: caravan.kz сайтынан алынды.

Бас прокурор Берік Асылов жасөспірімдер арасындағы қылмыспен күресу үшін мектептерде жаңа пән енгізуді ұсынды.

Берік Асыловтың айтуынша, бүгінде өкінішке қарай, кейбір жасөспірімдер төбелес пен одан да ауыр қылмыстарға барып жүр.

Көпшілігі заңды бұзып жатқанын білмеген. Олар бұл үшін жауапкершіліктің бар екенін түсінбеген. Нағыз қауіп – құқықтық сауатсыздық. Сондықтан біз уәкілетті органға маңызды ұсыныс жасадық – 7-сыныптан бастап мектептерде "Заң және Тәртіп" атты міндетті пән енгізу.
Бұл пәнді қызметтегі заңгерлер мен құқық қорғау органдарының ардагерлері жүргізсе, олар тек біліммен емес, өмірлік тәжірибемен де бөлісе алады - деп жазды еліміздің бас прокуроры X әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Берік Асылов мұндай сабақтардың саналы, жауапты, заң мен тәртіпке құрметпен қарайтын жас ұрпақты тәрбиелеуге көмектесетініне сенімді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 819
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 948
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 913