Жексенбі, 4 Мамыр 2025
Анық-қанығы 1175 0 пікір 10 Сәуір, 2025 сағат 14:15

Ш.Болаттың ісіне қатысты сот басталды

Сурет: azattyq-ruhy.kz сайтынан алынды.

Кәмелетке толмаған Шерзат Болатты өлтіру қылмысы бойынша тыңдау Жетісу облысының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында өтіп жатыр. Сот өндірісі қазақ тілінде. Процеске көп ақпарат құралдары мен бақылаушылар жиналған. Журналистер мониторы бар бөлмеге кіргізілген.

Істе 62 том бар. 200-ге жуық куәгер тартылған, 40 сот сараптамасы жүргізілген. 11 күдікті бар.

Қылмыс Талғарда болғанмен сот не үшін Талдықорғанда өткізіліп жатыр деген сұрақ жиі қойылып жатыр. Жоғарғы сот мұны күдіктілердің көбі Талдықорғандағы уақытша қамау изоляторында отырғандығымен түсіндірген.

16 жастағы Шерзат Болат 2024 жылғы 4 қазанда өзінің отбасы жалға алып отырған Талғардағы дүкен маңында қаза болған.

Дереккөз: Азаттық радиосы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 815
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 945
Бәрекелді!

«Родословная казахских ханов»: всемирное признание

Керимсал Жубатканов 907