Жексенбі, 13 Сәуір 2025
Билік 538 0 пікір 11 Сәуір, 2025 сағат 23:39

Респонденттердің 80,7%-ы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қызметін қолдайды – ҚҚДИ

Сурет: qazaqtgt2025.ayu.edu.kz сайтынан алынды.

Қазақстандық қоғамдық даму институты тоқсан сайын еліміздің барлық өңірлерінде социологиялық зерттеудің кең таралған әдісі жаппай сауалнама жүргізеді.

«Қазақстандық қоғамдық даму институты» КеАҚ басқармасының төрағасы Нұрбек Мәтжанидің айтуынша, 2400 адамға face to face сауалнамасында негізгі көрсеткіштер бойынша, оның ішінде ҚР Президенті мен Үкіметтің бастамаларын қолдау бойынша сұрақтар қойылады. Орталық коммуникациялар қызметінің подкастында ҚҚДИ басшысы бірқатар нәтижелерге тоқталды. Респонденттердің басым бөлігі, яғни 80,2% Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа сенім білдірген. Сауалнамаға қатысушылардың Мемлекет басшысына не себепті сенетіні туралы ең жиі айтқан жауаптары: шетелдермен арада жанжал болмауы, кемел саясат жүргізуі, жаңа бағдарламаларды жүзеге асыруы, өмір сүру сапасын жақсарту, елдегі тұрақтылық.

«Сонымен қатар, респонденттердің көбі, яғни 80,7% қазіргі Президенттің қызметін қолдайтынын айтып, мына бастамаларды ең сәтті деп есептеген. Бұл «Ұлттық қор – балаларға» жобасы, 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақыны көтеру, студенттердің шәкіртақысын арттыру, 2025 жылды жұмысшы мамандықтар жылы деп жариялау және «Келешек» мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі», - деді Нұрбек Матжани.

ҚҚДИ Үкіметтің жұмысына да байланысты сауалнама жүргізеді. Зерттеу қорытындысы бойынша Үкіметке деген қолдау өте жоғары.

«Біздің сауалнамамызға сәйкес ҚР Үкіметіне деген қоғамның сенім деңгейі 71,7%. Респонденттердің 84,8 % көңіл күйлерінің жақсы екенін көрсеткен. Елдегі жағдайды 75,1% тұрақты, әрі жайлы деп сипаттаған», - деді спикер.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 1827
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 4638
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 3675