Сәрсенбі, 21 Қазан 2026
Анық-қанығы 2016 0 пікір 22 Сәуір, 2025 сағат 14:15

1 мамырдан бастап жедел жәрдемнің тәртібі өзгереді

Сурет: qaz.ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Енді денсаулыққа тікелей қауіп төндірмейтін жеңіл шақыртуларға жедел жәрдем емес, емханалар жанындағы мобильді бригадалар барады.

Нақты не білу керек?

– 4-санаттағы шақыртулар (мысалы, қан қысымының көтерілуі, температура, жеңіл жарақаттар) таңғы 8-ден кешкі 8-ге дейін емхана мамандарына бағытталады.

– Түнгі уақытта және демалыс күндері бұрынғыдай жедел жәрдем қызмет көрсетеді.

– Мобильді топтар 60 минут ішінде жетуі тиіс.

– Қажет болған жағдайда олармен бірге тар бейінді дәрігерлер де бара алады.

Бұл жүйе жедел жәрдемнің расымен шұғыл шақыртуларға уақытылы жетуін қамтамасыз ету үшін енгізіліп отыр.

Маңызды:

Жедел жәрдем шақыру механизмі өзгермейді – 103 нөміріне қоңырау шаласыз, әрі қарай мамандар өздері шешім қабылдайды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1124
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1559