Дүйсенбі, 28 Сәуір 2025
Апат 132 0 пікір 28 Сәуір, 2025 сағат 19:41

СҚО-да су тасқынына қарсы іс-шаралар

Сурет: ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм арнасынан алынды.

Есіл өзенінің су деңгейінің көтерілуіне байланысты тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында СҚО Қызылжар ауданының Тепличное, Вагулино, Прибрежное, Ольшанка, Соколовка және Большая Малышка ауылдарында және Петропавл қаласының Заречное ауылында қорғаныс білігін нығайту жұмыстары жүргізілуде.

Барлығы 2010 адам, 152 бірлік техникасы ТЖМ , ІІМ, ҚМ, ЖАО және ТЖМ Әскери бөлімдері жұмылдырылды. Тәулігіне 81 300 дана қапшықтар дайындалып, төселді. Барлығы 351 675 дана қапшықтар дайындалып, төселді.

Сондай-ақ, Заречное ауылында тұрғын үйлерді су басу қаупін болдырмау мақсатында су айдау жұмыстары жүргізілуде, онда тәулігіне 65 500 текше метр су сорылды.

Су тасқынына қарсы ахуалға мониторинг жүргізілуде. Эвакуациялық пункттер дайындалды. Жағдай ТЖМ бақылауында.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2406
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5352
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4621