Сейсенбі, 20 Мамыр 2025
Деп жатыр 682 0 пікір 29 Сәуір, 2025 сағат 20:02

Кәрім Мәсімовтің зәулім үйі Астана әкімдігінің балансына өтеді

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімовке тиесілі элиталық жылжымайтын мүлік енді әлеуметтік қажеттіліктерге қолданылмақ. Зәулім үй Астананың Нұра ауданындағы Қараөткел шағын ауданында орналасқан.

Бұған дейін бұл мүлік 13 мамырда аукцион арқылы сатылымға шығарылуы тиіс болған. Бастапқы бағасы — 1,68 млрд теңге, кепілдік жарнасы — 118 млн теңге. Алайда Астана әкімдігінің ресми өтінішінен кейін мүлік саудадан алынып тасталды.

Қайтарылған активтерді басқару компаниясы бұл шешімнің әлеуметтік маңызын ескеріп қабылданғанын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2736
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4481