Дүйсенбі, 5 Мамыр 2025
Деп жатыр 176 0 пікір 5 Мамыр, 2025 сағат 18:30

Ресей биыл мұнай мен газдан түсетін пайданың 24% қағылады

Сурет: 24tv.ua сайтынан алынды.

Мұндай болжамды өздері жасап отыр. Себеп ретінде әлемдік нарықтағы қара алтын құнының күрт құлдырауы көрсетілген. Сәуір айынан бері нарықты жайлаған тоқыраудан кейін Urals мұнайының бағасын барреліне 50 долларға жуықтады. Ресей Қаржы министрлігінің дерегінше, биылғы кіріс шамамен 101 млрд 700 млн доллар болмақ. Бұған дейін, бұл болжам 133 млрд 700 млн долларға тең еді. Осылайша, мұнай бағасының төмендеуінен, көрші ел қазынасы 32 млрд доллардан қағылғалы тұр. Теңгеге шаққанда шамамен 16 трлн 300 млрд болады.  

Мұнай-газ өндірісі Ресей бюджетінің негізі. Бұл саланың жалпы ішкі өнімдегі үлесі 5,1 пайыз болған. Енді жаңа болжамдарға сәйкес, бұл көрсеткіш 3,7 пайызға қысқарады. Сәйкесінше, көрші елдегі бюджет тапшылығы үш есеге артады деп күтілуде. 

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1523
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1673