Дүйсенбі, 5 Мамыр 2025
Билік 228 0 пікір 5 Мамыр, 2025 сағат 18:35

Қазақстанда полиэтилен өндіретін зауыт салынады

Сурет: plastinfo.ru сайтынан алынды.

«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ басқарма төрағасы Асхат Хасенов Үкімет отырысында полиэтилен өндіру зауытын салу жөніндегі жобаның іске асырылу барысы туралы айтты.

Ол Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша полиэтилен өндіретін зауыт салу бойынша жобаны жүзеге асыру басталғанын атап өтті.

Осы жобамен бірге екі инфрақұрылымдық жоба – газ бөлу кешені мен магистралды құбырларды салу іске асырылатын болады.

«3 жобаның жалпы құны шамамен $11 млрд-ты құрайды, бұл ҚМГ мен серіктестердің тікелей инвестициялары. Бүгінде барлық инвестициялық шешімдер қабылданды. Үкімет қолдауының арқасында құрылыс нормаларының кейбір артық талаптары алынып тасталды, нәтижесінде ҚМГ және «Полиэтилен» жобасының инвесторлары қажетті инвестициялық шешімдерді дер кезінде қабылдады. Сонымен қатар газ бөлу кешені жобасын қаржыландыру – ашық мәселе. Қазақстан даму банкімен қаржыландырудың қолайлы шарттары қарастырылуда», — деді Асхат Хасенов.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1544
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 1693