Діни радикалдардың жолы кесілді

Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы 2025 жылғы сәуірде ҰҚК прокуратура органдарының үйлестіруімен Астана қаласы, Абай, Ақтөбе және Түркістан облыстарындағы діни радикалдар әрекетінің жолын кесті. Бұл туралы ҰҚК баспасөз қызметі мәлімдеді.
Терроризмді насихаттап, оның ішінде әлеуметтік желілер арқылы діни алауыздықты қоздырды деген күдікпен 4 қазақстандық ұсталды.
Олардың біреуі бұрын соттылы болған. Тұрғын үйлерін тінту барысында заттай дәлелдемелер алынды.
Қылмыстық кодекстің 174 және 256-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулер жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.
Бұдан бөлек, ҰҚК бұрын тергеген қылмыстық істер бойынша сот Ақтөбе, Қарағанды және Түркістан облыстарының 3 тұрғынына қатысты айыптау үкімдерін шығарды.
Сотталғандар әлеуметтік желіде және айналасында терроризм мен діни экстремизм идеологиясын таратқан.
Abai.kz