Бейсенбі, 8 Мамыр 2025
Билік 759 0 пікір 8 Мамыр, 2025 сағат 14:36

Елімізде республикалық маңызға ие тасжолдарды жаңарту бойынша ауқымды жұмыстар жалғасып жатыр

Сурет: ҚР Көлік министрлігінен алынды.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасына сәйкес елімізде жол инфрақұрылымын жаңғыртуға бағытталған ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр.

Биыл шамамен 7 мың шақырым жол орташа және күрделі жөндеу бойынша жұмыстармен қамтылмақ.

Өткен жылы басталған жөндеу жұмыстары республикалық маңызы бар басты көлік дәліздерінде жалғасып жатыр. Олардың қатарында «Жезқазған – Петропавл», «Қарағанды – Аягөз – Бұғаз», «Қандыағаш – Шалқар – Ырғыз», «Сарыөзек – Көктал» тасжолдары бар. Биыл жолшылар жаңа учаскелерді жаңартуға кірісті, олардың ішінде «Қарабұтак – Рудный – Қостанай» және «Атырау – Орал» бағыттары да қамтылмақ.

Көлік ағыны жоғары бағыттарға ерекше мән беріліп отыр. Алматы облысында өңірдің маңызды көлік күре жолдарының бірі – Құлжа тасжолына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Абай және Шығыс Қазақстан облыстарында «Семей – Өскемен» тасжолының 73 шақырымдық бөлігінде жөндеу жалғасады. Бұл учаскеде жол жамылғысы жаңартылып, су өткізгіш құбырлар да жөнделетін болады.

Өткен жылы «Жезқазған – Петропавл» тасжолының 590 шақырымында жөндеу жұмыстары басталып, биыл тағы 119 шақырымда жалғасын табуда. Сондай-ақ былтыр «Мамлютка – Қостанай» бағытындағы 161 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстары басталған болатын. Биыл бұл жұмыстар тағы 74 шақырым жолда жүргізіліп жатыр.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 1941
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 2656