Сейсенбі, 20 Мамыр 2025
Қылмыс 748 0 пікір 19 Мамыр, 2025 сағат 20:36

Экс-спорт вице-министрі Қожағапанов үш жылға бас бостандығынан айырылды

Сурет: ru.sputnik.kz сайтынан алынды.

Ерлан Қожағапанов 1 млрд теңге жымқыру ісі бойынша лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдаланды деп танылды.

Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі соты бұрынғы спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановты үш жылға бас бостандығынан айырды.

Ерлан Қожағапанов ҚР ҚК 361-бабы, 4-бөлігі – "Ауыр зардаптарға әкеп соққан лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану" бабы бойынша кінәлі деп танылды. Іс 2018 жылы Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыруға бөлінген 1 млрд теңге көлеміндегі шығынмен байланысты.

Іс бойынша екінші фигурант – форумды ұйымдастырумен айналысқан Success K компаниясының басшысы Ляззат Көккөзова ҚР ҚК 190-бабы, 4-бөлігі – "Алаяқтық" бабы бойынша кінәлі деп танылып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Ерлан Қожағапановтың ісі бойынша сот процесі 5 айдан астам уақытқа созылды. Ол тағылған айыптарды қолдан жасалған деп атап, куәгерлерге антикор тарапынан қысым көрсетілгенін айтты және істі объективті шешу үшін нейрожеліге беруді ұсынған болатын.

Қазақстан мен Ресей арасындағы Өңіраралық ынтымақтастық форумы 2018 жылы Петропавл қаласында өтті. Форумға Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путин қатысқан. Ұйымдастыру жұмыстарын Success компаниясы жүргізген. Ерлан Қожағапанов тек 2024 жылы – форум өткеннен кейін 6 жылдан соң 1 млрд теңгені жымқырды деген күдікпен ұсталды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Алтын сандық

Бауыржан Омарұлы 2729
Білгенге маржан

Сертіне берік самурай...

Бейсенғазы Ұлықбек 4475