Сенат жаңа Салық кодексін кері қайтарды

Сенат Мәжіліс қабылдаған жаңа Салық кодексінің жекелеген баптарын мақұлдамады.Сенат депутаттары жаңа Салық кодексін қарап, оған өзгерістер енгізіп, Мәжіліске кері қайтарды.
Сенаторлар енгізген түзетулер келесі нормаларды қамтиды:
Шаруа немесе фермер қожалықтарының табыстарына қатысты жеке табыс салығына прогрессивті салық салу жүйесін енгізу. Бұған дейін Үкімет азаматтардың жиынтық табысы 8500 АЕК-тен, ал жалпы белгіленген тәртіпте жұмыс істейтін жеке кәсіпкерлердің табысы 230 000 АЕК-тен асқан жағдайда 15% мөлшерлемемен прогрессивті жеке табыс салығын енгізу мәселесін көтерген болатын.
КФХ (шаруа немесе фермер қожалықтары) да жеке кәсіпкерлер сияқты кәсіпкерлік қызметпен айналысатын болғандықтан, бірақ өзге экономикалық салада жұмыс істейтіндіктен, олардың 230 000 АЕК-тен асатын табыстарына да 15% мөлшерінде ИПН (жеке табыс салығы) салу ұсынылады. Алайда, 70% жеңілдікті ескере отырып, КФХ үшін нақты ИПН мөлшерлемесі 4,5% болады,
– делінген Сенаттың қорытындысында.
Қазақстан қор биржасында (KASE) айналыстағы бағалы қағаздардан табыс тапқан азаматтар үшін дивидендтерге салынатын ИПН-нан босату түрінде салықтық жеңілдік ұсынылады.
Төлем карточкаларына қатысты операцияларды қосылған құн салығынан (ҚҚС) босату көзделеді.
Abai.kz