Жұма, 27 Маусым 2025
Үкімет 131 0 пікір 27 Маусым, 2025 сағат 12:40

Инфляция деңгейі 8,6%-ға дейін төмендеді

Сурет: azattyq-ruhy.kz сайтынан алынды.

2024 жылы Қазақстанда инфляция деңгейі 9,8%-дан 8,6%-ға дейін төмендеді. Бұл туралы қаржы министрі Мәди Такиев Парламенттегі палаталардың бірлескен отырысында сөйлеген сөзінде айтты.
Бюджет тапшылығы белгіленген шамадан 3,6 трлн теңгені немесе жалпы ішкі өнімге 2,7%-ды құрады. Мемлекеттік борыш 31,8 трлн теңге немесе жалпы ішкі өнімге 23,7%-ға жетті.

Республикалық бюджеттің кірістері бойынша жылдық жоспары 97,2%-ға орындалды

Қаржы министрі Мәди Такиевтің айтуынша, 2024 жылдың қорытындысы бойынша республикалық бюджетке 19,6 трлн теңге түсті, бұл жылдық жоспардың 97,2%-ын құрайды. Бұл туралы ол Парламент палаталарының бірлескен отырысында хабарлады.

Қаражаттың түсуінің төмендеуі үшінші елдерден импорттың азаюына және Теңіз кен орнында кеңейту жөніндегі жобаны іске қосудың кейінге қалдырылуына байланысты.

Abai.kz

0 пікір