Қазақстанда бір жылда тауарлар бағасы қаншаға өсті?

Қазақстанда баға тағы өсті. Ақылы қызметтер бір жылда 16%-ға көтерілген.
Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2025 жылғы маусымда Қазақстанда тұтыну бағалары айтарлықтай өскен. Ең көп қымбаттаған ақылы қызметтер, азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар. Елдің бірқатар өңірінде инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен жоғары.
Қазақстанда инфляция қарқыны бәсеңдер емес. Ұлттық статистика бюросының деректеріне сүйенсек, 2025 жылғы мамырда бір жыл ішінде:
-Ақылы қызметтер – 16,1 %-ға (мамырда – 16 %)
-Азық-түлік тауарлары – 10,6 %-ға (мамырда – 9,6 %)
-Азық-түлік емес тауарлар – 9,4 %-ға (мамырда – 9 %) өсті.
2025 жылғы маусым айында7 өңірде инфляция деңгейі республикалық орташа көрсеткіштен жоғары болған. Олардың ішінде:
-Алматы қаласы – 13,8 %
-Қарағанды облысы – 13,5 %
-Астана қаласы – 13,1 %
инфляция бойынша көш бастап тұр.
Жылдық инфляция құрылымында ең үлкен үлес келесі салаларға тиесілі:
-Азық-түлік пен алкогольсіз сусындар – 4,2 пайыздық пункт
-Тұрғын үй-коммуналдық қызметтер – 1,8 п.п.
-Денсаулық сақтау – 1,5 п.п.
2025 жылғы маусымда:
-Азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар – +0,9 %
-Ақылы қызметтер – +0,8 % өскені тіркелді.
Abai.kz