Сейсенбі, 8 Шілде 2025
Өзекті 149 0 пікір 8 Шілде, 2025 сағат 13:35

АЭС-ке білікті кадрлар дайындау жүргізіліп жатыр

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Елімізде салынатын бірінші атом электр станциясына білікті кадрлар дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр.  

"Консорциум көшбасшының міндетіне қызмет көрсетуші персоналдарды дайындау кіреді. АЭС пайдалану үшін шамамен 2 000 адам, оның ішінде ядролық мамандық бойынша 400 адам қажет. Ал қалғандары – бізде жұмыс істеп тұрған көмір және газ электр стансаларында еңбек ететін бейінді-техникалық мамандар. Ядролық мамандықтар бойынша қызметкерлерді дайындауға келер болсақ, қазіргі уақытта физикамен, энергетика және электртехникасымен байланысты 18 білім бағдарламасы бойынша білікті кадрларды дайындау қарқынды жүргізіліп жатыр", – деді агенттіктен.

Ведомство мәліметінше, отандық Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетінде, Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, сонымен қатар ядролық технология маманданған шетелдік жетекші ЖОО-ларда мамандар даярлау қолға алынған. Ядролық мамандықтар бойынша білім гранттар санын арттыру қажеттілікке қарай жүзеге асырылады. Сонымен қатар білім алып жатқан жас мамандар жұмыс істеп тұрған АЭС-терде тәжірибе жинақтап, тағлымдамадан өтеді.

Abai.kz

0 пікір