Сәрсенбі, 9 Шілде 2025
Заң және Тәртіп: 131 0 пікір 9 Шілде, 2025 сағат 13:13

Алматы полициясы шетелдік ұйым көліктерінің иелеріне маңызды ескерту жасады

Сурет: tengrinews.kz сайтынан алынды.

Алматы қаласының полиция департаменті қала тұрғындары мен шетелдік ұйымдарға тиесілі көлік құралдарының иелеріне мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілеріне қатысты ресми өтініш жасады.

Ведомствоның мәліметінше, шетелдік заңды тұлғалар пайдаланатын көліктерді тіркеу барысында тиісті талаптарға сай келмейтін нөмірлік белгілер берілген жекелеген жағдайлар анықталған.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің №862 бұйрығына сәйкес, шетелдік қатысуы бар заңды тұлғалардың меншігіндегі немесе пайдалануындағы көліктерге меншік түріне қарамастан сары түсті мемлекеттік тіркеу нөмірлері берілуі тиіс, - делінген полиция хабарламасында.

Осыған байланысты полиция арнайы ХҚКО-ға жүгініп, көлік құралдарының нөмірлік белгілерін заңға сәйкес ауыстыруды сұрайды. Бұл рәсім көлікке меншік құқығын және оның заңды тұлғаға тиесілігін растайтын құжаттар негізінде жүзеге асады және қосымша негіздемелерді қажет етпейді.

Полиция өкілдері бұл шара көлік құралдарын тіркеудің бірыңғай стандарттарын сақтау үшін маңызды екенін айтып, тұрғындардан түсіністікпен қарауды сұрады.

Abai.kz
0 пікір