Жұма, 18 Шілде 2025
Саңлақ 174 0 пікір 17 Шілде, 2025 сағат 12:39

Қазақстанда допинг қағидаларындағы өзгерістер

Сурет: csp62.ru сайтынан алынды.

Туризм және спорт министрінің "Допингке қарсы қағидаларды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 19 қыркүйектегі №18 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. 

Спорттағы допинг қолданудың алдын алу мақсатында Ұлттық допингке қарсы ұйым жаңартылған талаптарды ұсынады:

  • допингтің спортшыға және этикалық құндылықтарға тигізетін зияны;
  • допинг қолданудың денсаулыққа әсері;
  • допингті бақылау рәсімі;
  • допингке қарсы күресте спортшылардың құқығы мен міндеті, оның ішінде Дүниежүзілік допингке қарсы кодекс және тиісті спорт ұйымдарының, допингке қарсы ұйымдардың саясаты туралы, сондай-ақ допингке қарсы ережелерді бұзудың салдары туралы ақпарат;
  • тыйым салынған заттар мен әдістер тізімі, сондай-ақ терапиялық мақсатта допингті қолдануға рұқсат беру;
  • тағамдық қоспалар туралы ақпарат.

"Допингке қарсы бақылау жүргізу мақсатында ұлттық немесе жергілікті аккредиттелген спорт федерациялары спортшыларды тестіден өткізуді ұйымдастыру мен жүргізуге жәрдемдесуі тиіс. Аталған тізім Ұлттық допингке қарсы ұйым ұлттық немесе жергілікті аккредиттелген спорт федерацияларынан алынған ақпарат негізінде жинақталады", – делінген құжат жобасында.

Бұйрық 2025 жылғы 26 шілдеде күшіне енеді.

Abai.kz

0 пікір