Дүйсенбі, 21 Шілде 2025
Билік 155 0 пікір 21 Шілде, 2025 сағат 12:50

Руслан Желдібай: Балалар үйі көшірілмейді...

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Осыған дейін «Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін жаңа ғимаратқа көшіру мәселесінде қоғамдық пікірталас туғанын жазған болатынбыз.

Бүгін ҚР Президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы Руслан Желдібай аталған мәселеге қатысты мәлімдеме жасады.

«Бағанашыл» балалар үйінің тәрбиеленушілерін Алматыдан Қонаев қаласына көшіруге байланысты жағдаймен танысқан Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласының әкімі Дархан Сатыбалдыға оқушылардың оңтүстік астанада білім алуын жалғастыру үшін балалар үйіне жөндеу жұмыстарын жүргізуді және аталған нысанды қаланың балансына алуды тапсырды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, балалар үйі көшірілмейді.

Аталған жағдайға байланысты Президент Әкімшілігі қызметтік тексеріс жүргізеді.

Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың заң шеңберіндегі барлық құқығы толық сақталады», - деді Руслан Желдібай.

Abai.kz

0 пікір