Жексенбі, 12 Қазан 2025
Маңызды 730 0 пікір 21 Шілде, 2025 сағат 13:11

Президент Вьетнам халқына көңіл айтты

Сурет: inbusiness.kz сайтынан алынды.

Мемлекет басшысы Вьетнам Коммунистік Партиясы Орталық комитетінің Бас хатшысы То Ламға көңіл айту жеделхатын жолдады.

Онда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнамда болған "Вифа" тайфунынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізген.

– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Сізге және жақындарынан айырылған азаматтарға, сондай-ақ достас Вьетнам халқына көңіл айтамын. Табиғи апаттан жарақат алғандардың тез арада сауығып, аман-есен отбасыларына оралуына тілектестігімді білдіремін, делінген жеделхатта.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 832
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9938