Жоғары айлық алатындар енді декретке аз ақшамен шыға ма?

Жүктілік пен бала күтіміне қатысты әлеуметтік төлемдерді есептеу тәртібіне өзгеріс енгізілді. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі ресми түсініктеме берді.
Жаңа тәртіпке сәйкес, жұмыс берушілердің санына қарамастан, жүктілікке және босануға байланысты әлеуметтік төлемнің мөлшерін есептеу кезінде азаматтың орташа айлық кірісі шектеледі.
Яғни, енді бұл көрсеткіш әлеуметтік төлемге құқық туындаған күнге республикалық бюджет туралы заңда белгіленген ең төмен жалақының 7 еселенген мөлшерінен аспауға тиіс.
Мысалы, 2025 жылы ең төменгі жалақы – 85 000 теңге болса, онда есепке алынатын ең жоғарғы кіріс – 595 000 теңге.
Кейін төленген жарналар енді есепке алынбайды
Сонымен қатар жаңа ережеге сәйкес, жүктілікке және босануға, сондай-ақ бала күтіміне байланысты әлеуметтік төлемдерді есептегенде әлеуметтік тәуекелдер туындаған күннен кейінгі аударымдар есепке алынбайды.
Бұл норма азаматтардың заңнамада көзделген мерзімдерге дейін әлеуметтік аударымдарын уақтылы және тұрақты түрде төлеу қажеттігін айқындайды.
Министрлік түсіндіруінше, қабылданған өзгерістер әлеуметтік сақтандырудың негізгі қағидаттарын сақтай отырып, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесінің әділдігі мен орнықтылығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Осыған байланысты әлеуметтік қорғау жүйесі, оның ішінде әлеуметтік төлемдерді тағайындау тәсілдері үнемі қайта қаралып, оңтайландырылып отырады, – делінген ведомствоның жауабында.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі қолданыстағы жәрдемақы жүйесін сақтай отырып, жыл сайын артатынын айтты.
Қарызға батқан жастар NEET санатына өтуі мүмкін. Бұл — жұмыссыздық, ресми табыстың болмауы және әлеуметтік белсенділіктің төмендеу қаупі бар деген сөз. BAQ.KZ тілшісі осы мәселе аясында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне сауал жолдағанеді.
Abai.kz