Жұма, 25 Шілде 2025
Анық-қанығы 485 0 пікір 24 Шілде, 2025 сағат 12:13

Қазақстанда лицензиясы жоқ мектептерге не болады?

Сурет: baq.kz сайтынан алынды.

Елімізде 18 мектеп әлі күнге лицензия алмаған. Бұл туралы Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкіметте өтіп жатқан баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Ведомство басшысы тиісті рұқсат құжаттарсыз жұмыс істеп жатқан білім ордаларына тоқталды.

Министрліктің деректеріне сүйенсек, бұған дейін лицензиясы болмаған 66 мектептің 48-і қажетті құжаттарды алған. Қалған 18 мектеп әлі құжат рәсімдеу жұмыстарымен айналысып жатыр.

Олардың арасында QazBilim лицейі де бар.

Abai.kz

0 пікір