Сәрсенбі, 20 Мамыр 2026
Жаңалықтар 134 0 пікір 20 Мамыр, 2026 сағат 16:50

2025–2026 оқу жылы аяқталуға жақын

Сурет: GOV.KZ сайтынан алынды.

Еліміздің мектептерінде 2025–2026 оқу жылы қорытындылануда. Биыл еліміз бойынша 3,9 миллионнан астам оқушы оқу жылын аяқтайды. Оның ішінде 215 мыңнан астамы – 11-сынып түлектері.

Оқу жылының қорытындысы бойынша 9-сыныпты үздік аяқтауға 31 мыңнан астам оқушы үміткер болса, 11-сыныпты үздік бітіруге 18 мың оқушы үміт артып отыр. Қазіргі таңда еліміздің білім беру ұйымдарында 420 мыңнан астам педагог еңбек етеді.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жүзеге асырылып жатқан "Келешек мектептері" ұлттық жобасы аясында 217 заманауи мектеп пайдалануға берілді. Оның 84-і ауылдық елді мекендерде орналасқан. Бүгінде бұл білім ордаларында 220 мыңнан астам оқушы білім алып, 16 мыңға жуық педагог жұмыс істейді.

Оқу жылының аяқталуына орай 25 мамыр күні еліміздің барлық мектептерінде "Білімім – Отаныма!" тақырыбында бірыңғай сынып сағаты өтеді. Онда оқу жылы қорытындыланып, оқушылардың жетістіктері мен есте қалған сәттері айтылып, "Адал азамат" бағдарламасының құндылықтарына ерекше назар аударылады. Сонымен қатар оқушыларға жазғы демалыс кезінде оқуға ұсынылатын әдебиеттер тізімі таныстырылады.

Оқу-ағарту министрлігі мен жергілікті атқарушы органдардың бірлескен шешіміне сәйкес мектеп бітіру іс-шараларын мейрамханаларда, кафелерде, банкет залдарында, демалыс базаларында және табиғат аясында өткізуге тыйым салынды.

Сондай-ақ ата-аналардан, заңды өкілдерден және оқушылардан ақша жинауға, сыйлықтар талап етуге жол берілмейді. Аттестаттар мен дипломдарды табыстау рәсімдері тек білім беру ұйымдарының қабырғасында ұйымдастырылады.

Министрлік бұл шаралар мектеп бітіру іс-шаралары кезінде қауіпсіздік пен қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру ұйымдарында "Заң мен тәртіп" қағидатын нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2956
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 2066