Сенбі, 26 Шілде 2025
Өзгелер 249 0 пікір 25 Шілде, 2025 сағат 12:01

Израиль мен Сирия ресми келіссөз өткізді

Сурет: freepik.com сайтынан алынды.

Парижде Израиль мен Сирия өкілдері арасында соңғы 25 жылдағы алғашқы ресми келіссөздер өтті.

Кездесу АҚШ делдалдығымен және президент Дональд Трамптың арнайы өкілі Том Баррактың қатысуымен ұйымдастырылған. Тараптар Сирия мен Израиль арасындағы шиеленісті бәсеңдету мәселесін талқылады.

Бүгін кешке мен Парижде сириялықтармен және израильдіктермен кездестім. Біздің мақсатымыз – диалог пен деэскалация, және біз дәл осы бағытта жұмыс істедік. Барлық тараптар осы күш-жігерді жалғастыруға дайын екендерін растады, – деп жазды Баррак X (бұрынғы Twitter) желісінде.

Келіссөздер Сирияның Сувейда қаласындағы шиеленіс пен Израильдің Дамаск пен Джаблаға жасаған әуе соққыларынан кейін өткізіліп отыр. Бұл шабуылдардан 15 адам көз жұмғаны хабарланған.

19 шілдеде АҚШ-тың араласуымен тараптар атысты тоқтату туралы уағдаластыққа келген. Баррактың айтуынша, Вашингтон аймақтағы друздар, бедуиндер және сунниттерді біріктіру арқылы "жаңа біртұтас сириялық сәйкестік" қалыптастыруды көздейді.

Abai.kz
0 пікір