Сенбі, 2 Тамыз 2025
Экономика 405 0 пікір 1 Тамыз, 2025 сағат 12:55

Қазақстанда АИ-92 жанармайы қаншалық қымбаттайды

Сурет: vesti.kz сайтынан алынды.

Қазақстандықтар жанармай нарығындағы тағы бір қымбатшылыққа дайын болуы тиіс. 

Экономист Алмас Чукиннің сөзінше, АИ-92 маркалы бензин бағасы көршілес Қырғызстан мен Өзбекстан деңгейіне дейін өсуі мүмкін. Бұл туралы Digital Business жазады. Қазіргі таңда бұл елдерде АИ-92 бензинінің литрі тиісінше шамамен 396 және 482 теңге тұрады.

Сарапшының айтуынша, Қазақстан үшін Ресей нарығы баға бойынша бағдар бола алмайды. Себебі Ресейде жанармай нарығы мемлекет тарапынан субсидияланады.

Ол жақта мемлекет бензин өндірушілерге қосымша төлем жасайды. Бірнеше жыл бұрын олар салық маневрін жүргізіп, баға белгілеуді әлемдік деңгейге бағыттады. Ал ішкі нарықты субсидиялау жасырын түрде жүзеге асырылады. Сондықтан Ресейдегі жанармай бағасы объективті көрсеткіш емес және Қазақстан үшін бағыт алатын бағдар бола алмайды. Ресейдегі жанармай бағасына мұнай өңдеу зауыттары алатын субсидияны қосу керек. Егер таза нарықтық бағамен есептесек, Қазақстанда баға Ресейден жоғары болуы тиіс, – дейді Алмас Чүкін.

0 пікір