Сенбі, 16 Мамыр 2026
Қоғам 3915 0 пікір 4 Тамыз, 2025 сағат 10:32

Мектепке даярлық: 46 228 теңгеден кімдерге беріледі

Сурет: GOV.kz сайтынан алынды

Қазақстанда әлеуметтік осал отбасылардың балаларын мемлекет есебінен мектепке дайындау шаралары басталды.

Оқу-ағарту министрлігі ұсынған ақпаратқа сәйкес, биыл жаңа оқу жылы қарсаңында 500 мыңнан астам адамға - жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған және атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балаларына қаржылай көмек беріледі.

Министрлік хабарлауынша, өмірлік қиын жағдайға тап болған балалар да назардан тыс қалмайды.

Жалпыға бірдей білім беру қорынан ата-аналардың есепшоттарына әрбір бала үшін 46 228 теңге аударылады. Осы ақшаға мектеп формасын, аяқ киім және кеңсе тауарларын сатып алуға мүмкіндік болады.

Айта кетейік, былтыр да 500 мыңнан астам баланың ата-анасына 22,2 млрд теңге аударылды. Сол кезде әрбір балаға 45 мың теңгеден шыққан.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Әдебиет

Өлген кітаптар

Тұрдыхан Айдарханұлы 2796
Әне, көрдің бе?

Американың қаржылық жүйесін кімдер ұстап тұр?

Бейсенғазы Ұлықбек 1904