Азия чемпионаты: Гүлназ Бөрібаева – жартылай финалда

Гүлназ Бөрібаева Азия чемпионатының жартылай финалына шықты. Ол қарсыласын нокдаунға түсіріп, жеңіске жетті.
Бангкокте өтіп жатқан 22 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионатында қыздар арасында Гүлназ Бөрібаева жартылай финалға жолдама алды.
Спортты дамыту дирекциясы мәліметінше, 48 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі ширек финалда Гүлназ жапондық Нон Гошогаваны бірнеше мәрте нокдаунға түсіріп, мерзімінен бұрын жеңіске жетті.
Енді отандасымыз жартылай финалдық жекпе-жегін 6 тамыз күні өткізеді.
Abai.kz