Бейсенбі, 16 Шілде 2026
Жаңалықтар 207 0 пікір 16 Шілде, 2026 сағат 12:28

Боксшы қыздарымыз 3 алтын медаль еншіледі

Сурет: Sport.kz сайтынан алынды.

Финалдық жекпе-жектерде Гүлназ Бөрібаева, Азиза Исина және Шұғыла Нәлібай чемпион атанды.

Индонезияның Джакарта қаласында бокстан U19 және U23 жас санаттары арасындағы Азия чемпионаты жалғасуда.

U23 жас санатындағы әйелдер арасындағы финалдық жекпе-жектердің қорытындысы бойынша Қазақстан құрамасы үш алтын, үш күміс медаль жеңіп алды.

48 келіге дейінгі салмақта Гүлназ Бөрібаева финалда моңғолиялық Содон-Од Биндерияны жеңіп, чемпион атанды.

70 келіге дейінгі салмақта Азиза Исина шешуші кездесуде өзбекстандық Райхона Курбонбоеваны жеңді.

75 келіге дейінгі салмақта Шұғыла Нәлібай үндістандық Мусканнан басым түсіп, алтын медаль иеленді.

Ал 51 келіге дейінгі салмақта Анита Адишева финалда өзбекстандық Гулсевар Ганиеваға есе жіберіп, күміс жүлдеге ие болды.

57 келіге дейінгі салмақта Ұлжан Сәрсенбек өзбекстандық Хуморабону Мамажоноваға жол берді.

80 келіге дейінгі салмақта Құралай Егінбайқызы финалда өзбекстандық Рухшона Парпиевадан жеңіліп, күміс жүлдені қанағат тұтты.

Осылайша, әйелдер құрамасының қоржынында үш алтын, үш күміс және үш қола медаль бар. Бұған дейін Аяжан Ермек (60 келіге дейін), Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) қола жүлдегер атанған болатын.

Азия чемпионаты 16 шілдеде ерлер арасындағы финалдық жекпе-жектермен жалғасады.

Abai.kz

0 пікір