Өскеменде Ғазиз Байтасов атындағы XX мерейтойлық республикалық жас жолинспекторларының слёті салтанатты түрде басталды

Өскемен қаласында Ішкі істер министрлігінің бастамасымен ұйымдастырылған Ғазиз Байтасоватындағы XX мерейтойлық республикалық жас жолинспекторлары (ЖЖИ) слётінің салтанаттыашылуы өтті. Аталған іс-шараның басты мақсаты – өсіп келе жатқан ұрпақтың жолда қауіпсіз жүру мәдениетін қалыптастыру, құқықтық сауаттылығын арттыру, жауапкершілік пен азаматтық борышсезімін дамыту.
Биылғы слётке еліміздің 20 өңірінен келген ЖЖИ командаларымен қатар, Қырғыз Республикасының өкілдері де қатысуда. Бірнеше күн бойықатысушылар жол қозғалысы ережелері бойыншабілімдерін, алғашқы медициналық көмек көрсету дағдыларын көрсетіп, балалар мен жасөспірімдердің қатысуымен болатын жол-көлік оқиғаларының алдын алу бойыншашығармашылық жұмыстарын ұсынады.
Салтанатты ашылу рәсімінде қатысушыларға Ішкіістер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Қайсар Сұлтанбаев құттықтау сөз арнады. Ол ЖЖИ қозғалысының жастардың құқықтық санасын қалыптастырудағы маңыздылығына тоқталды:
«Жас жол инспекторлары – бұл жай ғана мектептікұйымдар емес. Бұл қозғалыс жас буынға қауіпсіз жүріс-тұрыс мәдениетін сіңіреді, заң мен тәртіпке құрметпен қарауды қалыптастырады, жауапкершілікті арттырады. Слётке қатысу сіздергежаңа білім, жарқын әсер және сенімді достарсыйлайтынына сенімдімін», – деді ол.
Шара барысында Шығыс Қазақстан облысыәкімінің орынбасары Жақсылық Омар да сөз сөйлеп, слёт қатысушыларына жылы лебізінбілдірді. Ол ЖЖИ қозғалысына қатысушы балаларсанының жыл санап артып келе жатқанын атапөтті:
«Бұл қозғалысқа қызығушылықтың артуықуантады. ЖЖИ — бұл ең белсенді әрі саналыоқушыларды біріктіретін ұйым. Олар — біздің болашағымыз. Тәртіпті, жауапты әрі ел тағдырына бей-жай қарамайтын ұрпақ», – деді ол.
Салтанатты ашылу концерттік бағдарламамен жалғасты: Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің хоры ән шырқап, одан кейін түрлі би топтарының өнері көрерменге ұсынылды. Іс-шара жас жол инспекторларының Гимнінорындаумен және жарыстарға ресми түрде бастауберумен аяқталды.
Слёт ресми түрде ашық деп жарияланды – алдақатысушыларды түрлі байқаулар, білім мен шеберлікті сынау күндері күтуде. Әр команда өзін көрсете отырып, дарындарын ашуға, еліміздің ең үздік жас жол инспекторы атағына бір қадам жақындауға мүмкіндік алады.
Abai.kz