Дүйсенбі, 28 Қыркүйек 2026
Экономика 19476 0 пікір 7 Тамыз, 2025 сағат 13:10

Коммуналдық қызметтер тарифі 20-30 пайызға өседі

Сурет: pixabay.com сайтынан алынды

Коммуналдық қызметтер тарифі келесі жылы 20-30 пайызға көтеріледі. Бұл туралы Үкімет үйінде өтіп жатқан баспасөз мәслихатында Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің төрағасы Тимур Қосымбаев айтты.

— Тарифтердің өзгеруіне келер болсақ, бұл ретте ұлттық жобада (Энергетика және коммуналдық секторларды жаңғырту ұлттық жобасы) субсидиялау тетігі қарастырылған. Яғни, заем қаражаты тариф, негізгі қарыз және сыйақы бойынша пайыздық мөлшерлеме ішінде болады. Бірақ, тарифке қысымды төмендету үшін республикалық бюджет субсидиясы сыйақы үстемесінің бір бөлігін жабады. Яғни, сыйақының 10 пайызы тарифке қосылады, ал одан артығы мемлекет тарапынан субсидияланады. Осылайша, біз тарифтің күрт артуына жол бермейміз. Жалпы, келесі жылға жоспар — бұл тарифтердің 20-30 пайыз шегінде өсуі, — деді комитет басшысы.

Сондай-ақ ол коммуналдық шаруашылық саласындағы жобаларды қаржыландыруға екінші деңгейлі банктер, «Бәйтерек» және Қазақстан даму банкі тартылатынын айтты.

Бұған дейін де Премьер-министрдің бірінші орынбасары Роман Скляр тарифтердің көтерілетіндігін жасырмаған еді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1551
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 3163
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 1160
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 1081