Бейсенбі, 7 Тамыз 2025
Жаңалықтар 75 0 пікір 7 Тамыз, 2025 сағат 19:21

Алматы жастары «ALMA LOVE» фестивалі аясында «ECO VIBE» эко-челленджін өткізді

ECO VIBE: Алматы жастары бір күнде қаламыздың 100 ауласында сенбілік өткізді

Алматыда Жастар күніне орай Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының қолдауымен өтіп жатқан ауқымды ALMA LOVE фестивалі аясында ерекше «ECO VIBE» экологиялық шарасы ұйымдастырылды. Бұл бастама жастардың экологиялық мәдениетін арттыру мен қалаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталды.
ECO VIBE — бұл екі негізгі бөліктен тұратын экологиялық челлендж: жаппай сенбілік пен эко-фестиваль. Таңертеңнен бастап 300-ден астам ерікті жас бір уақытта қаланың 100-ден астам ауласы мен скверін тазартуға шығып, тұрғындарды тазалық жұмыстарына шақырды.
     Шара аясында қала көшелеріменбрендтелген эко-көлік жүріп өтіп, аниматорлар мен белсенділер, соның ішінде танымал жас блогер әрі эко-активист Нәбиев Дулат тұрғындарды аулаларды тазартуға белсенді қатысуға шақырып, белсенді қатысты.

       Шараның жалғасы ретінде Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшесі, эколог Евгений Мухамеджановтың бастамасымен Сайран көлінің жағалауында қала тұрғындарына арналған эко-фестиваль өтті. Онда экологиялық викториналар, ойын-сауық шаралары ұйымдастырылды.

«Біздің мақсатымыз — жастардың қалаға деген жанашырлығын арттырып, оларды пайдалы әрі креативті бастамаларға тарту. ECO VIBE — бұл жай сенбілік емес, бұл — таза қаламыз үшін және жастардыңэкологиялық бастамаларға қызығушылықтарынн арттыру мақсатында ұйымдастырылған жоба», — деді Алматы қаласы Жастар саясаты басқармасының басшысы Азиз Кажденбек.

       ALMA LOVE фестивалі 12 тамызға дейін жалғасып, қала аудандарының барлығын қамтитын болады. Фестивальдің қорытындысы ретінде Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында гранд-финал өтеді. Алматы жастары бұл кеште еліміздің танымал жұлдыздарының қатысуымен болатын үлкен концертке куә болмақ. Айта кетейік, концертке кіру тегін.

Abai.kz

0 пікір