Грантқа ілікпесеңіз, не істеуге болады?

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мемлекеттік грант иегері атанған 77 мыңнан астам талапкерді құттықтап, грант ала алмаған жастарға қолдау білдірді.
Биыл конкурс өте жоғары болды – өткен жылмен салыстырғанда 9 мыңға көп өтінім түсті. Бірақ грант – жалғыз жол емес!
Мына баламалы мүмкіндіктерге назар аударыңыз:
- Ректорлық гранттар – 2 000-нан астам грант (мысалы, «Туран-Астана», Халықаралық туризм және меймандостық университеті және т.б.)
- Акимат гранттары – өңірлерде сұранысқа ие мамандықтар үшін 1 700+ грант
- Жұмыс берушілердің мақсатты гранттары – кейін жұмысқа орналастырумен
- Қайырымдылық қорлар қолдауы – «Қазақстан халқына», KAZENERGY, Қазатомпромның Murager бағдарламасы
- Ақылы бөлімнен грантқа ауысу – үлгерім арқылы
- Біреудің бас тартуы арқылы келесі талапкерге мүмкіндік беріледі
«Грант – мүмкіндіктің бірі ғана. Ең бастысы – мақсатыңнан таймау!» – деді министр.
Abai.kz