Аю мен Аждаһаның ортасындағы Қазақстан...

Францияның әйгілі Lefigaro газеті өткен аптада осындай тақырыппен мақала жариялап, "Жаңа жібек жолы" айдарының төртінші бөлімін Қазақстанға арнаған.
Қорғас кеден бекетін аралап көрген газет тілшісі Қазақстан мен Қытай екі тараптың шекара аймағында орналасқан халық санының алшақтығына ерекше таңданыс білдірген. Қытайдың Қорғас қаласының жан саны 1 миллион адам деп көрсетілсе, Қазақстанның Нұр жолында бар болғаны 5 мың адам, жалпы Жанкент өңірінің халық саны 140 мың адам екені жазылады. "Қытай мен Қазақстанның ортақ шекарасы 1500 шақырымға жуықтайды, Қытайдың шекара өңірінде 25 миллионнан астам халық тұрады, бұл- бүкіл Қазақстанның халық санынан да көп" деп жазады.
Қорғас кеден бекетінен бұрын тавар ғана өтсе, екі ел визасыз байланысты жолға қойғаннан кейін адам ағынының товар ағынынан кем түспейтініне куә болғанын, Қазақстанның Қытайдың "бір жол, бір белдеу" жобасындағы маңызды ел екенін, Қазақстанның 2025- жылдың алғашқы жартысында қытай тарабының 23 миллиард доллар инвестициясына қол жеткізгенін жазады.
Украина-Ресей соғысы, Орта Шығыстағы тұрақсыздық, Трамптың сауда соғысының әсерінен Қытай үшін Қазақстанның маңызы арта түскен. Басылым Бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаевты Ресейшіл деп сипаттаса, Президент Тоқаевтың қытайда оқығанын, жұмыс істегенін алға тартып, оны қазіргі кездедегі әлем жетекшілерінің ішінде Қытай төрағасымен тілмашсіз сөйлесе алатын жалғыз адам деп сипаттаған.
Қытайдың Орта Азиядағы ықпалының артуы Кремльдің ұйқысын қашырып отыр дейді басылым. Қазақстан билігі геосаяси тепе-теңдікті сақау үшін ел аумағында салынатын АЭС құрлысын орыс пен қытайдың компаниясына табыстағанын жазады. Сонымен Бірге қазақстандық саясаттанушылардың пікірін де беруді ұмытпаған. Саясаттанушы Досым Сатаевтың пікірінше: "Қытай Орта Азиямен байланысын әртараптандыру үшін Өзбекстанмен, Қырғызтанмен темір жол қатынасын да дамытып отыр екен". Ал қытайтанушы Руслан Ізімов болса: "Құрылық жолының теңіз жолының орынын баса алмайтынын, теңіз тасымалы кедергіге ұсшыраса ғана маңызы артатынын" алға тартқан.
Abai.kz