Абай тойы: Еріктілердің «қауіпсіздік шеңберіне» қатысты Сенат жауап берді...

Соңғы күндерде әлеуметтік желілерде Абай тойына барған Сенат Төрағасы, Абай облысының әкімі, министрлер және салтанатты іс-шараға келген басқа да делегаттардың «қауіпсіздік шеңберімен» қоршалып жүргені туралы ақпарат тарағаны белгілі.
Осы мәселеге байланысты Абай облысының әкімдігі, әкім Берік Уәли, сондай-ақ, кеше министр Саясат Нұрбек берді. Расымен, мұндай әрекеттің мүлдем орынсыз екеніне ешқандай күмән жоқ. Біз аталған жайтты көрген бойда еріктілерден оны доғарып, басқа, маңызды істермен айналысуын сұрадық. Осылайша, бұл жағдай өте қысқа уақытқа ғана жалғасты.
Ал, қалған уақытта біз киіз үйлер қалашығында еркін жүріп-тұрдық. Мерекеге келген кез келген адам Сенат Төрағасымен кездесіп, амандасып, пікірлескенін осы видеодан-ақ анық көруге болады. Ұзақ түсіндіріп жатқаннан гөрі, бір рет көрсетіп, мәселені осы жерден жапқан дұрыс деп ойлаймын.
Өкінішке қарай, кейбір желі қолданушылары он күн бойы аталып өткен дүбірлі тойды жалғыз осы келеңсіздікпен байланыстырып, «жерден жеті қоян тапқандай» жарыса жазып жатыр. Ал, біз ойшыл өсиет еткендей, қалпымыз бен санамызды таза ұстасақ, жарқын сәттерге көбірек мән берсек, осы бір ұлағатты істен өнеге алсақ дейміз.
P.S. Жалпы, баспасөз хатшысы ретінде, басқа-басқа, дәл Сенат Төрағасының халықпен сұхбат құруға, қойылған сұрақтарға жауап беруге, айтылған пікірді тыңдауға әрдайым ашық екенін атап өткім келеді. Бұл ретте ол ешқашан ешкімнен жалтарып көрген емес. Оны Мәулен Сағатханұлы Әшімбаевпен апта сайын кездесіп, сауалдарына жауап алып журналистер қауымы жақсы біледі.
Данияр Рамазанов, Сенаттың баспасөз хатшысы
Abai.kz