Бейсенбі, 2 Қазан 2025
Жаңалықтар 2529 0 пікір 18 Тамыз, 2025 сағат 20:13

Қызылорда қаласында «Келешек мектептері» жобасы аясында салынған алғашқы мектепке баспасөз туры өтті

Бүгін Қызылорда қаласының Сол жағалау мөлтек ауданында «Келешек мектептері» жобасы шеңберінде өңірде алғаш ашылған жалпы орта білім беру ұйымына ашық есік күні ұйымдастырылды. Ашық есік күніне 400-ден аса ата-ана мен оқушылар сонымен қатар, республикалық және жергілікті БАҚ өкілдері қатысты.

900 оқушыға арналған жаңа мектеп бүгінде цифрландыру, инклюзивтілік және кеңістікті көпфункционалды пайдалануға қойылатын барлық талаптарға сай келетін заманауи үлгілік білім ордасы айналған.

Мектеп 0-сыныптан бастап 11-сыныпқа дейінгі барлық оқушыларға толыққанды білім беруді қамтамасыз етеді. Қазіргі таңда ғимарат жаңа жиһаздар, цифрлық құрылғылар мен интерактивті технологиялармен толық қамтамасыз етілген. Бұл оқу жылының алғашқы күндерінен-ақ сапалы білім беру процесін жолға қоюға мүмкіндік береді.

Білім ордасы инклюзивтілік пен жалпыға бірдей қолжетімділік қағидаттарына сай жобаланған. Ғимарат пандуспен, лифтпен, тактильді бағыттағыштармен, жарықтық белгілермен, сахнаға арналған арнайы құрал-жабдықтармен жабдықталған.

Ашық есік күні барысында бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен ата-аналарға мектептің инфрақұрылымы атап айтқанда, цифрлық сауаттылық, информатика және робототехника кабинеттері, ағаш және металл өңдеу, тігін және аспаздық шеберханалары, бейнелеу өнері, графика және жобалау кабинеттері, STEM-зертханасы және оқушылардың барлық санатына қолайлы жағдай жасайтын сәулеттік және логистикалық шешімдер таныстырылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 368
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 3523
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 335