Бейсенбі, 21 Тамыз 2025
Мәдениет 74 0 пікір 21 Тамыз, 2025 сағат 13:46

Жылжымалы көрме: «Ұлы дала тарихының жазба мұралары»

Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметінен алынды.

«Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме өтті.

Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының ұйымдастыруымен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ұлттық компаниясы» АҚ ғимаратында «Ұлы дала тарихының жазба мұралары» атты жылжымалы көрме ұйымдастырылды.

Іс-шараның мақсаты – қазақ халқының жазба мұрасын насихаттау, көпшілікке көне жәдігерлерді таныстырып, жазба мұралар арқылы ұрпақты елдік пен бірлікке тәрбиелеу.

Көрмеде VIII–IX ғасырлардағы руникалық жазумен көне түркі тілінде жазылған «Ырық бітік» кітабы, Махмұд Қашқаридің «Диуани лұғат ат-түрік» еңбегі, «Оғызнама», «Кодекс куманикус», Құтбтың «Хұсырау-Шырын» дастаны, «Шаджаратул атрак», араб және парсы тілдеріндегі еңбектер таныстырылды.

Сонымен қатар  А.Құнанбайұлының шығармалар жинағы, А.Байтұрсынұлының 1928 жылы жарық көрген «Тіл жұмсары», 1929 -1940 жылдары латын қарпімен жазылған І.Жансүгіров, Б.Майлиннің  шығармалары және өзге де сирек кітаптар қойылды.

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір