Сәрсенбі, 1 Қазан 2025
Жаңалықтар 1430 0 пікір 29 Тамыз, 2025 сағат 15:46

Кальян шегушілермен күрес күшейді

Сурет: informburo.kz сайтынан алынды.

Астанада кальян тұтынғандар 17 млн теңгеден астам айыппұл төледі.

Астанада қоғамдық қауіпсіздікті нығайту және "Заң мен тәртіп" қағидатын іске асыру мақсатында Сарыарқа ауданының аппараты полиция басқармасымен бірлесіп ойын-сауық орындарында рейдтік шаралар өткізді.

Рейдтің басты міндеті қоғамдық орындарда кальян мен өзге де темекі өнімдерін тұтынуға қатысты заңбұзушылықтарды анықтап, жолын кесу.

ҚР ӘҚБтК-нің 441-бабына сәйкес, заңмен белгіленген орындарда темекі өнімдерін, оның ішінде қыздырылатын темекіні, кальян қоспаларын, электрондық тұтыну жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды пайдалануға қатаң тыйым салынады.

Жыл басынан бері Сарыарқа ауданында аталған талапты бұзғаны үшін 435 азамат әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Заң және Тәртіп:

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 285
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 553
Әдебиет

Кәрағаның көркемдік көкжиегі

Дәурен Бақдәулетұлы 206