Сейсенбі, 2 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 161 0 пікір 2 Қыркүйек, 2025 сағат 14:27

ҚР ҰҚК есебі: Қанша қылмыс әшкереленді?

Сурет: astanazan.kz сайтынан алынды.

ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі 2025 жылғы тамыз айында атқарылған жұмыстары туралы баяндады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес шеңберінде ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі тамыз айында ҚР Қылмыстық кодексінің келесі:

- 361-бап (лауазымдық өкiлеттiктерді теріс пайдалану) – 4;

- 362-бап (билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) - 1;

- 366-бап (пара алу) - 17;

- 367-бап (пара беру) - 18;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) - 3;

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 4;

- 190-бап (алаяқтық) - 2;

- 369-бап (қызметтiк жалғандық жасау) - 1;

- 433-бап (қылмыстық құқық бұзушылықты жасыру) – 1 баптары бойынша сараланатын 51 құқық бұзушылық фактісін тіркеді.

Сотқа ҚР Қылмыстық кодексінің:

- 189-бап (сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу) - 9;

- 190-бап (алаяқтық) - 6;

- 366-бап - (пара алу) - 6;

- 367-бап (пара беру) - 5;

- 368-бап (парақорлыққа делдал болу) - 2;

- 365-бап (заңды кәсіпкерлік қызметпен айналысуға кедергі жасау) – 1 баптары бойынша 29 қылмыстық іс жіберілді.

Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлағаны үшін 2 адамға 730 мың теңге сомасында сыйақы берілді. Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.

ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Abai.kz

0 пікір