Дүйсенбі, 8 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 147 0 пікір 8 Қыркүйек, 2025 сағат 12:00

ОПЕК+ мұнай өндіру көлемін арттыруға келісті

Сурет: forbes.kz сайтынан алынды.

ОПЕК+ ұйымының негізгі мүшелері мұнай өндіру көлемін арттыруға келісті.

Қазаннан бастап мұнай өндірісінің көлемі тәулігіне 137 мың баррельге артады.

Мұнай экспорттайтын сегіз ірі ел – Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, БАӘ, Кувейт, Қазақстан, Алжир және Оман тиісті келісімге келді.

Сарапшылардың болжамынша, мұнай бағасы барреліне 60 доллардан төмен түсуі мүмкін. Бұл шешім нарықтағы қолайлы жағдай мен жаһандық экономиканың тұрақты болжамдарына байланысты қабылданған.

Abai.kz

0 пікір