Әли Әлиев қызметінен кететінін мәлімдеді

Қазақстан футбол құрамасының бас бапкері Әли Әлиев қызметінен кетуге дайын екенін мәлімдеді.
Бұл туралы ол 8 қыркүйекке қараған түні Бельгиядан 6:0 есебімен ойсырай жеңілгеннен кейінгі матчтан соң өткен баспасөз мәслихатында айтты.
Әлиевтің мәлімдемесінің үзіндісін қазақстандық спорт журналисі Иван Резванцев Telegram-арнасында жариялады.
«Жауапкершілікті өз мойныма аламын. Отставкаға өтініш жазамын», – деп жауап берді Әлиев жағдайға қатысты сұраққа.
Әли Әлиев 2025 жылдың қаңтарынан бастап Станислав Черчесовтың орнына келген еді.
Abai.kz