Дүйсенбі, 14 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 878 0 пікір 21 Тамыз, 2026 сағат 14:36

Мұнай бағасы екі апта қатарынан өсуде...

Коллаж: dknews.kz сайтынан алынды.

Әлемдік мұнай бағасы 21 тамыз күні де төмендеген жоқ. Таяу Шығыстағы жеткізілімдерге қатысты жалғасып жатқан қауіп-қатерлерге байланысты мұнай бағасы екінші аптаны да өсіммен аяқтады, деп хабарлайды Reuters.

Brent маркасының фьючерстері барреліне 93,82 долларға дейін өсті. Ал америкалық WTI мұнайы барреліне 86,78 долларға аздап төмендеді.

Апта ішінде Brent 7%-дан аса, ал WTI 8%-дан аса өсті. Өсімнің негізгі қозғаушы күші АҚШ-Иран арасындағы қақтығыс. Салдарынан Таяу Шығыстың бірнеше елінен мұнай жеткізілімі шектелді.

Нарық қатысушылары Ормуз бұғазындағы жағдайды жіті бақылап отыр. Аймақтағы жүк тасымалы қақтығыс ушыққанға дейінгі деңгейден төмен қалпын сақтап тұр.

Бұған дейін әлемдік мұнай бағасы төрт аптадағы ең жоғары деңгейге жуықтағанын хабарлаған болатынбыз.

Дереккөзі: Қазақпарат агенттігі

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1171
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2696
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 816
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 787