Сейсенбі, 9 Қыркүйек 2025
Ауыс-түйіс 322 0 пікір 9 Қыркүйек, 2025 сағат 13:31

Кімдер қандай қызметтерге тағайындалды?

Суреттер: akorda.kz сайтынан алынды.

Бүгін президент Тоқаев бірсыпыра тағайындаулар жасады. Президент Жарлықтарын Ақорда жариялады.

Сонымен кімдер қандай қызметтерге тағайындалды? Қараңыз:

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Руслан Желдібай

Мемлекет басшысының Жарлығымен Руслан Сұлтанұлы Желдібай Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Президенттің Баспасөз хатшысы болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Қуанышбек Есекеев

Мемлекет басшысының Жарлығымен Қуанышбек Бақытбекұлы Есекеев Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды.

Сурет: akorda.kz сайтынан алынды.

Марат Әшім

Мемлекет басшысының өкімімен Марат Кенжеғалиұлы Әшім Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президент Протоколы қызметінің бастығы лауазымына тағайындалды.

Abai.kz

0 пікір