Қазақстан IMD 2025 Таланттылардың әлемдік рейтингінде 34 орынға ие болды

2025 жылғы 9 қыркүйекте IMD Әлемдік бәсекеге қабілеттілікті зерттеу орталығы IMD 2025 Таланттылардың әлемдік рейтингінің (IMD World Talent Ranking 2025) нәтижелерін жариялады.
2025 жылғы рейтингке тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз ету үшін қажетті адами капиталды дамыту, тарту және ұстап қалу тұрғысынан қаралған 69 экономика қатысты.
Анықтамалық:
"Инвестициялар және даму" факторы елдің азаматтарды экономика үшін қажетті дағдылармен қамтамасыз ете отырып, олардың білімі мен кәсіптік даярлығына қаншалықты тиімді инвестициялайтынын бағалайды.
"Тартымдылық" факторы елдің жергілікті және шетелдік таланттарды қаншалықты тартатынын және ұстап қалатынын көрсетеді.
"Дайындық" факторы елдегі жұмыс күшінің қаншалықты білікті екенін және оның экономиканың қажеттіліктеріне қаншалықты сәйкес келетіндігін бағалайды.
Қазақстан позициясының артуына "Инвестициялар және даму" факторының жақсаруы айтарлықтай әсер етті, ол бойынша ел өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда 3 тармаққа көтеріліп, 20-орынға ие болды. Осылайша, ел жыл сайын осы фактор аясында оң динамиканы көрсетіп келеді.
Көрсеткіштер бөлінісінде айтарлықтай жақсару жалпы жұмыс күшінің 51,5%-ін құраған әйелдер жұмыс күшінің үлесі (IMD 2025 таланттылар рейтингінде 48,39% мәнімен 12 орыннан 3 орынға дейін), сондай-ақ бастауыш білім берудегі оқушылар мен мұғалімдер санының 14,74-ті құрайтын арақатынасы бойынша (IMD 2025 таланттылар рейтингінде 16,8 мәнімен 46 орыннан 38 орынға дейін) байқалады. Сондай-ақ, Қазақстан орта білім беруде оқушылар мен мұғалімдер санының арақатынасы көрсеткіші бойынша мықты позицияларды сақтап, 8,34 мәнімен 2 орынға ие болып отыр.
"Тартымдылық" және "Дайындық" факторлары бойынша 46 орыннан 45 орынға дейін және сәйкесінше 44 орыннан 43 орынға дейін 1 тармаққа жақсару байқалады.
Мысалы, "Тартымдылық" факторы шеңберінде респонденттер сот төрелігінің әділеттілік деңгейін (5,54 баллмен 39 орыннан 6,56 баллмен 26 орынға дейін), сондай-ақ компанияларда таланттарды тарту мен ұстап қалудың басымдылығын (6,6 баллмен 40 орыннан 6,92 баллмен 27 орынға дейін) жоғары бағалады.
"Дайындық" факторында "Жұмыс күшінің өсуі" көрсеткіші ерекше көзге түседі, ол бойынша Қазақстанның позициясы 17 тармаққа – 48 орыннан (1,11%) 31 орынға (1,36%) дейін жақсарды.
Швейцария әлі күнге дейін "Инвестициялар және даму" мен "Тартымдылық" факторлары бойынша тұрақты бірінші орынға ие болып, рейтингте жетекші позициясын сақтап қалды. Әрі қарай рейтингте Люксембург (2 орын), Исландия (3 орын), Гонконг (4 орын) және Нидерланды (5 орын) орналасқан. Барлық аталған елдерде өткен жылдың нәтижелерімен салыстырғанда позициялардың жақсарғаны байқалады.
IMD World Talent Ranking 2025 есебіне сәйкес, таланттылардың бәсекеге қабілеттілігі тұрақты көшбасшылық саясатта тұрақты инновациялар жүргізуді, еңбек нарығының өзгермелі қажеттіліктеріне икемді бейімделуді және ұзақ мерзімді инвестицияларды қысқа мерзімді шешімдермен үйлестіруді талап ететін қарқынды дамитын сала болып қала береді.
Швейцарияның он жылдық үстемдігі күшті институттар, сапалы білім беру және дәйекті саясат тұрақты бәсекелестік артықшылықтарды қалыптастыратынын көрсетеді, алайда көшбасшылар да гендерлік алшақтық және STEM мамандарының жетіспеушілігі сияқты қиындықтарға тап болады, бұл өз кезегінде болашақ нәтижелерге теріс әсер етуі мүмкін.
БАӘ-нің қарқынды өсуі, Исландияның көшбасшылар үштігіне оралуы және Гонконгтың позицияларының рекордтық нығаюы білім беру нәтижелерін нарық қажеттіліктеріне сәйкестендіру мақсатында дәйекті және нысаналы реформалар мен инвестициялар және әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті жұмыс ортасын құру бұрынғы тұрақсыздыққа қарамастан экономиканың жаһандық кадрлық ландшафттағы қалпын өзгерте алатынын көрсетеді.
Табыстың негізгі факторлары, біріншіден - инвестициялар, тартымдылық және кадрлардың экономика қажеттіліктеріне дайындығы сияқты үш негізгі бағыт арасындағы тепе-теңдік.
Екіншіден, тиімділіктің де маңызы инвестициялардан кем емес: Қазақстан, Латвия және Эстония білім беруге арналған шектеулі бюджеттерді сауатты пайдалану неғұрлым жомарт қаржыландырылатын, бірақ нәтижелілігі төмен жүйелерге қарағанда тиімдірек болуы мүмкін екенін көрсетеді.
Үшіншіден - студенттердің халықаралық ұтқырлығы таланттыларды дамытудың болашақ стратегияларының негізі. Мысалы, Канада мен Германия шетелдік студенттердің еңбек нарығына интеграциялануы тұрақты кадрлық әлеуетті қалай қалыптастыратынын көрсетеді.
Болашақта экономикаларға бәсекеге қабілеттілігін сақтау немесе арттыру үшін үш жан-жақты міндетті шешу қажет болады: жұмыс күшіне қатысу кезінде гендерлік алшақтықты жою, білім беру нәтижелерін жұмыс күшінің тез өзгеретін қажеттіліктеріне сәйкестікке келтіру және өмірдің жоғары сапасын ұсыну.
Жоғарыда аталған міндеттердің өзектілігін Мемлекет басшысы Қ. К. Тоқаев өзінің "Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу" атты Қазақстан халқына Жолдауында да атап өтеді. Бастамалардың бірі ретінде ол экономиканы цифрлық ауқымды жаңғырту шеңберінде, атап айтқанда, мектеп орындығынан бастап жасанды интеллект саласындағы құзыреттерді және педагогтерде жасанды интеллект технологиясын меңгеру дағдыларын қалыптастыру, ғылымды, білім беруді және инновацияларды басқаруды интеграциялау, елге білікті отандық мамандардың оралуының тиімді тетіктерін әзірлеу және енгізу, сондай-ақ елдің дамуына үлес қоса алатын техникалық кәсіптерде шетелден мықты мамандарды тарту үшін жағдай жасау арқылы адами капиталды дамытуға жаңа талаптар қою қажеттігін атап өтті.
Abai.kz