Сәрсенбі, 10 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 230 0 пікір 10 Қыркүйек, 2025 сағат 20:12

Жер әділ бөлініп, цифрлық карта жасалуы тиіс!

Сурет: parlam.kz сайтынан алынды.

Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров депутаттық сауал жолдап, бастама көтерді.

"Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған Жолдауында жер мәселесіне ерекше назар аударылды. Президенттің айтуынша, мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлерінің басым бөлігі әлі де жаңа иелеріне берілмей, бос тұр.

«AMANAT» партиясының дерегінше, 2022 жылдан бері мемлекетке 13,5 миллион гектар жер қайтарылған. Алайда, оның тек 6 миллион гектары ғана қайта бөлінген. Осылайша, 7,5 миллион гектар жер пайдаланылмай бос қалса, тағы 82,9 миллион гектар жер қоры тиімді игерілмей отыр. Бұдан бөлек, ел аумағында 29 миллион гектар жер деградацияға ұшыраған, оның ішінде 3 миллион гектарға жуық жер тұзданған".

Оның айтуынша, депутаттар мұндай жағдайда жер ресурстарын әділ бөлу үшін ең алдымен цифрлық карта мен жайылымдар кадастрын әзірлеу қажет.

Бұл бастама ауыл тұрғындарын және фермерлерді жермен қамтамасыз етуге, жер қатынастарының ашықтығын арттыруға мүмкіндік береді.

Оның бастамасында «AMANAT» фракциясы Үкіметке үш негізгі ұсыныс жасалғаны да айтылды:

1. Алдағы көктемгі егіс жұмыстарына дейін бос тұрған 7,5 млн гектар жерді ауыл тұрғындарына әділ бөлу.
2. Жер ресурстарының цифрлық картасы мен жайылымдар кадастрын жедел іске қосу.
3. Жердің нақты деректерін кадастрлық мәліметтермен біріктіру.

Осылайша, партия өкілдерінің айтуынша, бұл шаралар жердің әділ бөлінуін, ауылдағы еңбек өнімділігін арттыруды және елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді көздейді.

Abai.kz

0 пікір