Бейсенбі, 11 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 153 0 пікір 11 Қыркүйек, 2025 сағат 15:56

Голливуд сапасындағы жаңа қазақша кино...

Сурет: Ұйымдастырушылардан алынды.

«Болашақ» бағдарламасымен Нью Йорк фильм Академиясында білім алып келген киногер Санат Шапашев «Бақыт құшағында» атты қазақ киносы тарихындағы тұңғыш jukebox мюзиклдің трейлерін ұсына отырып, осылай деді.

Голливудтан арнайы алынған камерамен толықтай Астанада түсіріліп шыққан туындыны көрермен күтіп жүргенге ұқсайды.

Режиссер әрі кинопродюсер «Нью Йорк Фильм академияда оқып жүргенде дәл осы миссия мені үнемі жігерлендіретін. Сондықтан, тұңғыш қазақша джубокс мюзиклдың сценарийі сонда жүргенде дайын болды»,- дейді.  Фильм ұрпақтар ауысымында, заман түрленісіне қарамастан қазақ қоғамын біріктіруші ірі рухани құндылық – Шәмші Қалдаяқовтың әндері негізінде кино дайындалғанын айтты. Джубокс мюзикл үшін вальс королінің 12 әні симфониялық оркестрмен жазылып, кино арқылы көрерменге ұсынылады дейді.

«Кино арқылы отбасы беріктігі, анаға құрмет, шын махаббат, ердің мықтылығы, әйелдің өсімі деген біз үшін маңызды, өзекті тақырыптарды сценарийге негіз қылып алдым.Фильм барша қазақты Шәмші Қалдаяқовтың арнайы симфониялық оркестрмен жазылған әндерімен ерекше әсерлендірмек.Вальс королінің әндері барлығымызды біріктіруші күшке ие» - дейді киногер.

Айта кетейік, басты рөлде Дәурен Серғазин мен Әлия Әнуарбек түсетін «Бақыт қүшағында» джубокс мюзикл фильмінде бір эпизодта 230 актер билейтін ірі массалық кадрлар бар. Фильм 23 қазан, қазақтың ұлы композиторы Шәмші Қалдаяқовтың 95 жылдығына орай үлкен экранға жол тартпақ.

Abai.kz

0 пікір