Дүйсенбі, 15 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 118 0 пікір 15 Қыркүйек, 2025 сағат 13:42

Рубио: АҚШ Дохаға жасалған соққыға разы емес...

Сурет: kentron.am сайтынан алынды.

АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Израильге барды. Ресми сапар Вашингтонның Таяу Шығыстағы одақтастары арасында шиеленіс пайда болған тұста өтті.

Шиеленіске Израильдің Катардағы ХАМАС лидерлеріне соққы жасағаны түрткі болды.

ХАМАС – АҚШ пен Еуроодақ террор ұйымы деп таныған палестиналық радикал топ.

Израильге ұшар алдында журналистермен сөйлескен Рубио президент Дональд Трамп Катар аумағына соққы жасалғанына разы емес екенін, бірақ АҚШ Израильді қолдауды жалғастыра беретінін мәлімдеді.

Abai.kz

0 пікір