Сейсенбі, 16 Қыркүйек 2025
Анық-қанығы 136 0 пікір 16 Қыркүйек, 2025 сағат 14:59

Сара Назарбаева әлі ауруханада жатқыр...

Сурет: vecher.kz сайтынан алынды.

Бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаевтың әйелі Сара Назарбаева Алматыдағы президент іс басқармасының медициналық орталығына қарасты ұлттық госпитальда бес айдан бері емделіп жатыр. Бұл туралы госпитальға сілтеме жасап, BES.media сайты хабарлады.

Аурухана басылымда ем-дом стандарт бойынша жасалып жатқанын, ал диагноз бен науқастың жағдайы дәрігерлік құпия ретінде жарияланбайтынын мәлімдеген.

Биыл мамырда қазақстандық сайттар 84 жастағы Сара Назарбаеваның ауруханада жатқанын, жағдайы ауыр екенін жазған еді. Кейін басылымдарда Назарбаеваның "қайтыс болғаны" жайлы ақпарат тарап, бірінші президенттің баспасөз хатшысы Айдос Үкібай бұл ақпаратты жоққа шығарған.

Abai.kz

0 пікір