Сенбі, 11 Қазан 2025
Жаңалықтар 863 0 пікір 20 Қыркүйек, 2025 сағат 13:21

Алматыда тұрғындар мен қонақтарға алма ұсынылды

Сурет: Алматы әкімдігінен алынды

№1 теміржол вокзалының алаңында Алматының Қала күніне орай мерекелік акция өтті.

Ұлттық киім киген бойжеткендер шаһар тұрғындары мен қонақтарын оңтүстік астананың басты нышаны - алмамен қарсы алды.

Бұл акция Алматының қонақжайлығын тағы бір мәрте еске салып, қатысқандардың бәріне мерекелік көңіл-күй мен ұмытылмас әсер сыйлады. Қала символы - алма осы күндері Алматыға келген әрбір жанға ыстық ықылас пен шын жүректен шыққан алғыстың белгісіндей табыс етілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 820
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 9890