Сенбі, 20 Қыркүйек 2025
Жаңалықтар 152 0 пікір 20 Қыркүйек, 2025 сағат 20:40

Қазақстан ТМД елдері ішінде қонақүй броньдау бойынша көш бастады

Сурет: Linkedin.com сайтынан алынды

2025 жылдың жазында ТМД елдері ішінде қонақүй броньдаудың ең жоғары өсімі Қазақстанда тіркелді. ТАСС-қа сілтеме жасаған зерттеу деректеріне сәйкес, бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 64%-ға артқан, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жоғары өсім көрсеткен өзге елдер қатарында Армения (+55%), Грузия (+37%), Қырғызстан (+27%) және Өзбекстан (+16%) бар.

Ал Еуропалық бағыттар ішінде Франция көш бастады (+21%), одан кейін Испания (+15%) мен Италия (+5%) орналасқан.

Азияда қонақүй броньдау көрсеткішінің айтарлықтай өсуі Вьетнамда (+35%) және Мальдив аралдарында (+18%) байқалды.

Осылайша, Қазақстан ТМД кеңістігінде туризм өсімінің басты драйверіне айналса, Азия мен Еуропада ең танымал бағыттар қатарында Вьетнам мен Франция көш бастады.

Abai.kz

 

0 пікір