Дүйсенбі, 5 Қазан 2026
Жаңалықтар 1555 0 пікір 22 Қыркүйек, 2025 сағат 14:46

Сирияда парламенттік сайлау өтеді

Сурет. РБК сайтынан алынды

 

 Ұлттық ассамблеяға сайлау 2025 жылдың 5 қазанында өтеді, деп хабарлады.

Сайлауды өткізу туралы шешім конституциялық декларацияға және осы жылдың басында маусым айында Жоғарғы сайлау комитетін құрған уақытша президент Ахмед аш-Шараа жариялаған жарлықтарға сәйкес қабылданды.

Сайлау 60-90 күн ішінде парламентті құруға арналған уақытша жанама сайлау жүйесі бойынша өтеді.

210 парламент мүшесінің 140-ын сайлау үшін дауыс беру Сирияның барлық провинцияларындағы сайлау округтерінде өтеді, ал қалған 70-ін Ахмед аш-Шараа тағайындайды. Тамыз айында қауіпсіздік мәселесіне байланысты Ас-Сувейда, Хасаке және Раккадағы сайлау кейінге шегерілді.

Айта кетейік, Сирияның бұрынғы президенті Башар Асад 14 жылға созылған азаматтық соғыстан кейін 2024 жылы 8 желтоқсанда Дамаскіге қарулы оппозиция күштері кіргеннен кейін отставкаға кетіп, елден қашып кетті.

Abai.kz

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 763
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1062