Таяу Шығыста бейбітшілік орнату – иллюзия!

АҚШ-тың арнайы өкілі Баррак: «БҰҰ-да біреулер бірдеңе жасауға тырысып жатқаны жақсы әрине. Бірақ, бекер іс. Таяу Шығыста бейбітшілік орнату – иллюзия. Таяу Шығыста ешқашан бейбітшілік болмаған, бомайды да. Себебі, барлығы да легитимділік үшін күресуде.
Шатаспасам, атысты тоқтату бойынша 27 мәрте келісім болған. Бірде-бірі орындалған жоқ. Жеке басым, Газадағы жағдайды құптамаймын. Палестиналықтар да, израильдіктер де,басқалары да жетістіріп жатқан жоқ», - деді.
Ал Еурокомиссия басшысы Фон дер Лейен Еуропалық комиссия Палестина үшін донорлық топ құратынын айтты.
«Өйткені болашақ Палестина мемлекеті өміршең болуы керек, оның ішінде экономикалық тұрғыдан да. Ал біз, еуропалықтар, Газаны қалпына келтіру үшін арнайы құрал жасаймыз. Газаны қалпына келтіру керек», - деді ЕК басшысы БҰҰ Бас ассамблеясы отырысында.
Abai.kz